«FARABI MADE US FRIENDS» студенттік форумы

27.04.2023

Көрулер: 724

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Фараби бізді достастырады» («Farabi made us friends») атты шетелдік студенттердің алғашқы форумы өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзінде «Farabi made us friends» форумы достық қарым-қатынас, мәдени байланыстар мен тәжірибе алмасудың жаңа бағыттарына жол ашатынын атап өтті.

ҚазҰУ 2026 жылға қарай шетелдік студенттердің үлесін 25 пайызға ұлғайтуға және шет мемлекеттердің географиялық ауқымын 50-ден 100 мемлекетке дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазақ тілі, медицина, ақпараттық жүйелер, халықаралық қатынастар, менеджмент, биотехнология сынды білім беру бағдарламалары бүгінгі шетелдік студенттер тарапынан сұранысқа ие. Оқытушылардың 37 пайызы ағылшын тілінде сабақ өтеді, 3000-ға жуық студент ағылшын топтарында білім алады.