Баян-Өлгей аймағының әкімі Бақытжан Дәлелұлымен кездесу өтті

04.11.2022

Көрулер: 531

Тұрақты даму үшін серіктестік мақсатында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Баян-Өлгей аймағының әкімі Бақытжан Дәлелұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында факультет деканы С.Қ.Суатай мен Бақытжан мырза Моңғолия тыңдаушыларның дайындық кафедрасында сапалы білім алуы жөнінде келісім жасады. Бақытжан мырза тыңдаушыларға өзінің ақыл-кеңесін айтып, сұрақтарға жауап берді. Декан мырза келген қонаққа университет атынан сый-сияпатын табыстап, алғысын білдірді. Кездесуге жиналған қауым тыңдаушылар дайындаған шағын концерттік бағдарламаны тамашалады.