"Ғылым ордасы" мұражайы

31.03.2023

Көрулер: 690

Табиғат біздің өмір сүруіміз үшін өте маңызды: табиғат бізді оттегімен қамтамасыз етеді, ауа-райын реттейді, дақылдарымызды өсіреді, біз үшін тамақ және талшық өндіреді. Бірақ қазіргі таңда табиғатқа кері әсер тигізіліп жатыр. Адам әрекеті жер бетінің шамамен 75%-ын өзгертті, жануарлар әлемі мен табиғатты планетаның өте кішкентай бұрышына ығыстырды.

Еліміздің тұрақты даму мақсаттарының бірі – жер бетіндегі экожүйені қорғау және қайта қалпына келтіру болып табылады. Осы мақсатта жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының биология-химия пәндерін таңдаған топ тыңдаушылары «Ғылым ордасы» мұражайына барып қайтты. Мұражайда сирек кездесетін, қызыл кітапқа енген жан-жануарлар мен өсімдіктер туралы мағлұмат жинап, оларды қалай сақтап қалуға болатынын біліп қайтты.