Климаттың өзгеруімен күрес шаралары

29.04.2023

Көрулер: 616

Климаттың өзгеруімен күрес шаралары

Еліміздің тұрақты даму  - климаттың өзгеруімен күрес шаралары аясында 2023 жылдың 29 сәуір күні Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында білім алып жатқан ауған топтары Алмарасан шатқалына саяхатқа шықты. Саяхат барысында ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар депаратаменті қала тұрғындары мен қонақтарын өз жер участкелерінде және демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы шараға ауған топтары да атсалысып, өз үлестерін қосты. Егер ауа-райының өзгеруіне байланысты тұтанып жатқан шөпті немесе орман төсенішін көрсе тезарада сөндіруге көмектесу керектігі жайлы айтылды. Тұтану ошағын сөндіру үшін су құйып немесе топырақ тастаңыз. Егер өрттің көлемі ұлғайып кеткен болса, 101,112,109 телефон нөмірлерінешұғыл қоңырау шалу ескертілді.