«Орталық Азиядағы аймақтық даму: тәсілдер мен басымдықтар» атты халықаралық дөңгелек үстелі
Көрулер: 1063
2023 жылдың 3-4 мамыр аралығында BR18574168 «Орталық Азия елдерінің интеграциясынын терендетудегі Қазақстанның рөлі және қазіргі таңдағы үрдістер шеңберіндегі елдің тұрақты дамуының мақсаттары» нысаналы қаржыландыру бағдарламасының қатысушылары Ташкент қаласы, Өзбекстанда орналасқан Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінде өткен «Орталық Азиядағы аймақтық даму: тәсілдер мен басымдықтар» атты халықаралық дөңгелек үстеліне қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысына ат салысқан бағдарлама қатысушылары келесі: Лейла Деловарова, Ph.D., халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті, Аида Есімпашева, э.ғ.к., аға оқытушы, сондай-ақ докторанттар: Меруерт Үсен, Қарлығаш Усерова.
Бағдарлама қатысушылары дөңгелек үстелде Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтың тұжырымдамасы мен жаңа геоэкономикалық, геосаяси шыңдықтар аясында аймақтың интеграциялық мүмкіндіктері сияқты сұрақтар бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері негізінде баяндама жасады. Дөңгелек үстел нәтижесінде Орталық Азиядағы аймақтық даму бойынша мақалалар шығарылып, бірлескен монография дайындау жоспарлануда.







