Бакалавриат

                                                                                                         6B10102 Фармация

 

 

 

 

 

Оқыту ұзақтығы

5 жыл

Миссия

Фармацевт мамандығы неғұрлым сұранысқа ие қоғам болып қалады. 21 ғасырдың сын-қатерлері медицина және медициналық және фармацевтикалық көмек көрсету жүйесі саласында үнемі жаңартылып отыратын білімдердің үлкен көлемін меңгеруге қабілетті, кәсіби қызметтің барлық кезеңінде оқуға, зерттеу арқылы оқуға қабілетті жоғары кәсіби деңгейімен маманды мақсатты даярлауды талап етеді.

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Фармацевтика саласында және ғылым ұйымдарында өз бетінше жұмыс істеуге және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша қосымша білім алуға қажетті жоғары білімі мен кәсіби дағдылары бар дәріхана мамандарын даярлау.

Бітіруші моделі

  1. Халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында биомедициналық, химиялық және фармацевтикалық ғылымдар саласындағы негізгі күрделі деңгейлі алдыңғы қатарлы кәсіби және ғылыми білімін көрсетеді.
  2. Фармация және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымы саласындағы қолданыстағы ұлттық және халықаралық стандарттар мен нормативтік-құқықтық құжаттар шеңберінде қызметті жүзеге асыруға қабылетті.
  3. Кәсіби ақпарат көздерін анықтау және оның нақтылығы мен сапасын талдау, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға қабылетті.
  4. Fылыми зерттеулер мен академиялық жазба дағдыларын пайдалана отырып, фармацевтика және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналым саласын дамыту, мақсаттарды негіздеу және оларға жетудің әдістері мен құралдарын таңдай алады.
  5. Әлеуметтік жауапты азаматтық, кәсібилік, әлеуметтік-мәдени контекст пен академиялық және кәсіби этика принциптерін түсінуді көрсете отырып, кәсіби ұжым мен қоғамның мүдделеріне адалдығын көрсетеді.
  6. Кәсіби міндеттерді тиімді орындау мақсатында кәсіби терминологияны және әртүрлі коммуникация арналары мен құралдарын қолайлы пайдалана отырып, әріптестерге, басқа медицина қызметкерлеріне, маман еместерге және жұртшылыққа ақпаратты, проблемаларды және шешімдерді жеткізуге қабылетті;
  7. Фармацевтикалық тәжірибені жетілдіру және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында үздіксіз кәсіби және тұлғалық даму, жаңа қолданбалы білім алу үшін білім мен дағдыларды пайдаланады.
  8. Халыққа алғашқы жәрдем және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымды пайдалану бойынша фармацевтикалық көмек көрсетуге қабылетті.
  9. Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының талаптарын және халықаралық стандарттарды ескере отырып дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар айналысы субъектілерінің өндірістік, логистикалық және шаруашылық-қаржылық қызметін тиімді жоспарлауды, болжауды, талдауды, аудит және бағалауды қамтамасыз ету үшін менеджмент пен маркетинг және кәсіпкерлік білімдерін қолдана біледі.
  10. Клиникалық және фармацевтикалық құжаттаманы жүргізу,       фармако-экономикалық сипаттамалары мен дәрілік формуляр және GVP қағидаттарын ескере отырып ұтымды фармакотерапия бойынша ақпараттық және консультативтік көмек көрсетуге қабылетті.
  11. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын өмірлік циклының барлық кезеңдерінде қауіпсіздігін және тиімділігін бағалау және қамтамасыз етуге қабылетті.
  12. Дәрілік заттарды мақсатты жеткізу әдістері мен олардың биожетімділігін білу негізінде фармацевтикалық өнімдерді дәріханалық және өндірістік жағдайларда әзірлей және өндіре біледі.

Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері

Оқу түрі: күндізгі,

Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын

 

«Фармация» мамандығы бойынша оқыту кәсіби қызметтің келесі бағыттары бойынша жүзеге асырылады:

● Дәріханаларда, фармацевтикалық компанияларда, қоймаларда фармацевт

● Фармацевтикалық өндірістегі фармацевт технолог

● Фармацевтикалық өнеркәсіптегі фармацевтикалық талдаушы

● Денсаулық сақтау жүйесінің басқа ұйымдарында (емханалар, сараптамалық бюролар және т.б.) фармацевт клиникалық фармаколог.

Бұл бағдарламаның түлегі оқуын жалғастыра алады:

- магистратура бағдарламаласы бойынша (егер ол ғылыми және/немесе білім беру қызметін таңдаса)

- қайта даярлау бағдарламалары бойынша (мамандандыру) 

 

Өндірістік тәжірибе өткізу үшін база ретінде төменде көрсетілген кафедра серіктестері болып табылады:

АҚ «Нобель»; ЖШС «ФитОлеум»; ЖШС «GxP»; ЖШС «Smart Health University»; ЖШС «ПЛП «ЖанаФарм»»; ЖШС «Шаншаров-Фарм»;

ЖШС «Султан»; ЖШС «RIN Pharm»; ЖШС ғылыми-өндірістік мекеме «Антиген»; Дәріхана «ИП Айдана»