Докторлық тағылымдама (PhD)

«Фармация» мамандығының 2 курсының докторанттары Әбілқасымова А.М., Тілеуберді Н.Н. 06/30/2023-08/31/2023 кезеңінде Оксфордтағы (АҚШ) Табиғи өнімдерді зерттеу ұлттық орталығында Миссисипи университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Профессор Самир Анис Росстың жетекшілігімен докторанттар диссертациялық зерттеу аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, олардың фармакологиялық белсенділігін зерттеу үшін заманауи әдістерді қолдану арқылы фармацевтикалық өнімдер алды. Докторанттар университеттің жетекші профессорларының лекцияларына, тренингтеріне және шеберлік сабақтарына қатысты, басылымдардың жобалары дайындалды. Зерттеудің барлық нәтижелері докторанттардың диссертацияларына енгізіледі.