«BILIMGER» студенттердің бірыңғай әлеуметтік картасы жобасы

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «BILIMGER» студенттердің бірыңғай әлеуметтік картасы жобасын жүзеге асыруда

Осы жоба аясында Алматы қаласының студенттері үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына бару ұйымдастырылды.

«BILIMGER» жобасының арқасында алматыдағы әр түрлі жоғары оқу орындарының жетпіске жуық студенттері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі Дина Дютмағамбетованың шығармашылық кешіне қатысып, биік өнерге қол жеткізуге мүмкіндік алды.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына студент жастардың рухани дамуын қолдап, қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Осыған байланысты «BILIMGER» жобасының командасы мұғалімдер мен студенттерді серіктес болуға шақырады.