«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Көрулер: 1297
2021 жылғы 8 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен және «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп, «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің үйлестірушісі, з.ғ.д., профессор Усеинова Гүлнар Рахымжанқызын, Алматы қаласы бойынша «Адал көмек» жобасының жетекшісін еске алуға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылдың өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. 2011 жылдан 2021 жылдың сәуір айына дейін Гүлнара Рахымжанқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасын басқарды.
Конференцияда сыбайлас жемқорлықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік құбылыс ретіндегі ұғымы мен мәнінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың халықаралық-құқықтық және Ұлттық тәжірибесінің өзекті мәселелері, Заңнама мен құқықтық практиканы талдау қаралды.
Конференция жұмысына ҚР жоғарғы және жергілікті заң шығарушы, сот және атқарушы билік органдарының өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, азаматтық қауымдастық, ЖОО және БАҚ өкілдері қатысты.






