ҚазҰУ-да Тәуелсіздік мерекесі атап өтілді

13.12.2021

Көрулер: 1346

 

1991 ж. 16 желтоқсанда әлем картасында жаңа Мемлекет-Қазақстан Республикасы пайда болды. Жоғарғы Кеңестің қаулысымен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды. Биыл еліміз осы айтулы мемлекеттік мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде.

Мереке қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға Мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

 

Университеттің барлық факультеттерінің өкілдері марапатталды.

"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дамуына қосқан зор үлесі үшін" Үлкен алтын медальмен з.ғ.д., профессор Ибраева Алуа Саламатовна марапатталды. Профессор Ибраева А.С. университетте 1984 жылдан бастап жұмыс істейді, көптеген оқулықтар мен оқу құралдарының авторы, заң ғылымының он сегіз кандидатын және алты PhD докторын дайындады. Барлық университеттік іс-шараларға белсенді қатысады, Заң факультетінің білім сапасы бойынша академиялық комитетінің төрағасы, ҚР БҒМ сарапшысы, нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу бойынша сарапшы болып табылады.

 

 

 


 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "Ерен еңбегі үшін" ("За трудовое отличие") медалімен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ахуалдық басқару орталығының бас маманы Ағибаева Найля Кошимбаевна марапатталды.

 

 

 


 

 

Салтанатты бөлімнен кейін салтанатты концерт өтті. Заң факультетінің 3 курс студенті Урузбаева Анель өзінің әншілік талантымен таң қалдырды. Анель үздік оқиды, оқудағы үздік көрсеткіштері үшін Президенттік стипендияның иегері, сондай-ақ Италияда өткен "Creativita senza frontiere" және жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті Қоры өткізетін "Көңілдің асыл пернесі" сияқты республикалық және халықаралық байқауларда Бас жүлде иегері болып табылады. Сонымен қатар, 7 жылдан астам уақыт бойы "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында өнер көрсетіп келеді.

 



З.ғ.д., профессор Ибраева А. С. және бас маман Агибаеваны Н. К. лайықты марапатымен құттықтаймыз!

 

Барлық оқытушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтаймыз!


 

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы