3. Әлеуметтік даму бойынша Басқарма мүшесі – проректор

Білімі:

1) тиісті сала бойынша біліктілігін жетілдіру сертификаттарының (куәліктерінің) және менеджмент саласында қосымша білімінің болуы мүмкіндігінше құпталады.

Функционалдық қызметтері:

1) Университеттің Даму стратегиясына сәйкес тәрбие және әлеуметтік қызметті, қоғаммен байланыс саласындағы жұмысты стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыруды жүзеге асырады.

2) Студенттік ынтымақтастықты және студенттік жобалар мен бастамаларды ілгерілетіп дамытуды үйлестіреді.

3) Университеттің өзін –өзі басқару ұйымдарымен өзара тиімді қарым-қатынас орнығуын дамытады.

4) Жатақханаларға орналасу және орынды белгілеудің ашықтылығы мен есептілігін қамтамасыз етеді.

5) Табысы төмен және/немесе мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды және жетім балаларды қолдау көрсетудегі университет саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді

6) Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, этиканы сақтау қызметін үйлестіреді және комплаенс-қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді.

Білімі, дағдылары:

- білім және ғылым жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру (мүмкіндігінше);

- жастар саясаты және білім алушылармен жұмыс жасау негіздерін білу;

- коммуникациялық менеджменттің негізгі қағидаларын білу;

- жобалық және корпоративтік басқару негіздерін білу;

- бизнес-процестерді стратегиялық жоспарлау және цифрландыру дағдылары;

- тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары;

- білім алушылардың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру дағдылары.