4. Қаржы қызметі бойынша Басқарма мүшесі – проректор

Білімі:

1) тиісті сала бойынша біліктілігін жетілдіру сертификаттарының (куәліктерінің) болуы мүмкіндігінше құпталады.

2) қаржылық менеджмент және бизнесті әкімшілендіру саласында қосымша білімінің және халықаралық сертификаттарының болуы мүмкіндігінше құпталады.

Функционалдық қызметтері:

1) Ағымдағы және болашақтағы қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру және стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады.

2) Инвестициялық қызметті үйлестіреді және университет бюджетін қалыптастырады.

3) Университеттің салықтық және есеп саясатын қалыптастырады және жетілдіреді.

4) Университет инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру үшін тікелей және тікелей емес инвестицияларды тартуды қамтамасыз етеді.

5) Қаржылық қызмет тиімділігін талдау және бағалауды, қаржылық қаржылық қызмет пен менеджмент тәеуекелінің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады

6) Университеттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету (энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау) және азаматтық қорғаныс бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

7) Қаржы құралдарының қозғалысы мен жұмсалуын бақылайды, қаржылық және шаруашылық мәселелер бойынша өкілдік етеді және шарттар жасайды.

Білімі, дағдылары:

- білім және ғылым жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру (мүмкіндігінше);

- қаржылық менеджмент және бюджеттік жоспарлаудың негізгі қағидаттарын білу;

- тәуекелдерді басқаруды қаржылық талдау және бағалау әдістерін білу;

- жобалық және корпоративтік басқару негіздерін білу;

- бизнес-процестерді стратегиялық жоспарлау және цифрландыру дағдылары;

- ұйымдардың бюджеттері мен ресурстарын тиімді басқару дағдылары;

- тиімді коммуникация және келіссөздер жүргізу дағдылары.