Құқықтану

 

1. Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

Тіркеу нөмірі

 

Білім беру саласының коды және атауы

8D04 Бизнес, басқару және құқық

Даярлау бағытының коды және атауы

8D042 _ _ Құқық

Білім беру бағдарламасының коды және атауы

8D042­_ _ - Құқықтану

Кадрлар даярлау бағыты бойынша лицензияға қосымша

1.1 ББ мақсаты

Конституциялық және әкімшілік құқықты дамытудың жаңа бағыттарын анықтауға қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау; құқық теориясы және адам құқықтарын қорғау саласында жаңа құқықтық идеяларды генерациялау; жалпы құқықтық жүйені зерттеудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалану; адам құқықтарын қорғау саласында заңнаманы және құқықтық практиканы жетілдіру үшін ғылыми ұсынымдар әзірлеу; медиация институтын пайдалана отырып, құқық идеялары мен ережелері негізінде даулы жағдайларды шешуде шешім қабылдай білу және өзіне жауапкершілік алу

1.2 ББ негізгі көрсеткіштері

БББ типі: докторантура

БББ мерзімі: 3 жыл

Оқыту нысаны: күндізгі

Еңбек сыйымдылығы: 180 академиялық кредит

Берілетін дәреже:   доктор PhD      

8D042 Құқық, 8D042-Құқықтану                       

БББ түрі:

Қолданыстағы БББ

1.3 Білім беру нарығында ББ артықшылықтары мен ерекшеліктерін сипаттау

 

БББ материалды-техникалық базасы:

  1. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте зертханалар бар;
  2. Қылмысқа қарсы күрес мәселелері орталығы;
  3. «Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ғылыми зерттеу орталығы
  4. Құқықтық тәрбие орталығы;
  5. Экологиялық қауіпсіздік және табиғатты пайдалану құқығы орталығы;
  6. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін зерттеу орталығы;
  7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар ҒЗИ;
  8. Медиация орталығы. 
  9. Кадрлық әлеует:

90 адамнан тұратын профессорлық-оқытушылық құрам төрт кафедраға шоғырланған. ПОҚ құрамында ҚР ҰҒА академигі, з.ғ. д., профессор С.С. Сартаев, сонымен қатар сабақтарды белгілі ғалымдар өткізеді: 29 заң ғылымдарының докторы, 50 заң ғылымдарының кандидаты және 15 PhD докторы. Олардың ішінде 18-і «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері, 10-ы талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты, 10 мемлекеттік марапаттың иегері бар. Оқытуды шетелдік профессорлар мен практикалық қызметкерлер жүзеге асырады. Докторанттарды дайындауға жұмыс берушілердің өкілдері белсенді қатысады: Парламент, Үкімет, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, ІІМ, әділет органдары, адвокатура және Нотариат органдары.

Оқыту үдерісі жаңа әдістемелерді қолдана отырып, үш тілде жүзеге асырылады. Ең үздік заманауи білім беру әдістемелері пайдаланылады, олардың ішінде ойын сот процестері, іскерлік ойындар, тренингтер, сондай-ақ жеке және командалық жұмыс үйлесімі.

Практика базалары:

- ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы

- барлық деңгейдегі орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының жүйесі,

- барлық деңгейдегі заң шығарушы биліктің орталық және жергілікті органдарының жүйесі,

- әртүрлі құзырет пен юрисдикциядағы орталық және жергілікті сот органдары,

- Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары,

- прокуратураның орталық және жергілікті органдары,

- мемлекеттік және жеке адвокатура органдары,

- нотариат органдары;

- Ұлттық қауіпсіздік органдары,

- халықаралық сот органдары және институттар мен құқық қорғау ұйымдары,

- коммерциялық қызметті және коммерциялық емес қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындар кешені (фирмалар, компаниялар, банктік және басқа мекемелер).          

Академиялық ұтқырлық

Докторанттар үш ай бойы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына ғылыми тағылымдамаға баруға мүмкіндігі бар. Ресей Федерациясы, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Польша университеттерімен докторанттарды дайындау бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісім-шарттар бар. Докторанттардың ғылыми кеңесшілері ҚР және алыс шетелдердің жетекші ғалымдары болып табылады. Шетелдік ғылыми кеңесшілер кеңес беру үшін және семестр бойы оқу сабақтарын жүргізу үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келеді.

Кафедраның ғылыми мектептері немесе ғылыми бағыттары (ғылыми жобалар)

Келесі бағыттар бойынша ғылыми мектептер бар: теориялық-құқықтық (профессор Ибраева А. С.); тарихи-құқықтық (профессор Усеинова Г. Р.); қылмыстық-құқықтық (профессор Джансараева Р. Р.); қылмыстық - криминалистикалық (профессор Тапалова Р. Б.); азаматтық-құқықтық (профессор Тыныбеков С. Т.); зияткерлік-құқықтық (профессор Жетпісбаев Б. А.); конституциялық-құқықтық (профессор Баймаханова Д. М.); мемлекеттік басқару мектебі (профессор Кенжалиев З. Ж.); әлеуметтік-құқықтық (профессор Абайдельдинов Т. М.); экологиялық-құқықтық (профессор Байдельдинов Д. Л.); қаржы-құқықтық (профессор Жатқанбаева А. Е.); кедендік-құқықтық (профессор С. Әлібеков).   Заң факультетінде жеті ғылыми орталық жұмыс істейді.

Докторанттар Қазақстан Республикасының БжҒМ қаржыландыратын ҒЗЖ орындауға мынадай бағыттар бойынша белсенді қатысады: еңбек заңнамасы және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қамтамасыз ету; қазақстандық қоғамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру; қылмыстық құқық және криминалистика; Кәсіпкерлік құқық және зияткерлік құқық; Азаматтық құқық, іс жүргізу құқығы, адвокатура және нотариат.   Сонымен қатар докторанттар басқа көздерден қаржыландырылатын ғылыми жобаларды орындауға, ғылыми-практикалық конференциялар мен теориялық семинарларды ұйымдастыруға, монографияларды, ғылыми мақалалар мен баяндамаларды дайындауға және жариялауға қатысады. Диссертациялық зерттеулерді дайындау барысында докторанттар шетелдік жетекші ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының ғылыми кітапханаларында жұмыс істеу үшін шетелге шығады.

Шетелдік жоғары оқу орындардың ұқсас бағдарламаларымен салыстыру

8D042_ _ - Құқықтану мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Англияның, АҚШ-тың, Германияның, Францияның, Ресейдің шетелдік жоғары оқу орындарының ұқсас бағдарламаларына бағдарланған.

2. Оқыту нәтижелері форматында біліктілік талаптары

 

2.1  ББ бойынша күтілетін нәтижелер

Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:

NO 1. Құқық пен мемлекеттің дамуының және қызмет етуінің басты заңдылықтарының жүйелі түсінігін көрсету; жалпы Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуын сыни талдау; философиялық санаттарға негізделген жаңа құқықтық идеяларды дәлелдеу және синтездеу; құқық түсінудің ғылыми мектептерін саралау; құқықтық практика үшін құқық түсінудің әртүрлі тұжырымдамаларының мәнін бағалау.   Әлеуметтік ғылымның жаңа жетістіктерін ескере отырып, мемлекет пен құқықтың мәнін, қызмет етуін және одан әрі дамуын талдау және бағалау.

NO 2. Медиация институты негізінде дауларды баламалы реттеу жүйесі ретінде әлеуметтік жанжалдарды шешудің жаңа тәсілдерін жасау, әзірлеу және бейімдеу. Конфликтілі құқықтық қатынастардың түрлерін сыни бағалау және саралау, әлеуметтік конфликтілердің алдын алуда құқықтың рөлін анықтау; әлеуметтік конфликтілерді шешу үшін құқықтық келісу рәсімдерін қолдану әдістемесін әзірлеу. Медиация институтының рөлі мен маңыздылығын анықтау, медиация институтын жетілдіру жолдарын анықтау; дауларды баламалы шешуді талдау және бағалау, татуластыру рәсімдері

NO 3. Азаматтық іс жүргізу құқығының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру; талап-арыз өндірісіне қатысты жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу; кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғау; іс жүргізушілік ынтымақтастық; іс жүргізушілік құқықтық мирасқорлық.

NO 4. Жергілікті қылмыстылықты талдау және жіктеу; латентті қылмыстың түрлерін бағалау, жіктеу және саралау; қылмыстың ғылыми проблемаларын әзірлеу; қылмыстың алдын алу тұжырымдамасын жасау.    

NO 5. ҚР кеден қызметі мен кеден саясатын зерттеу әдістемесіне негізделе отырып, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде заңнаманы бірегейлендіру процесін дамытудың негізгі теориялық және практикалық мәселелерін жүйелі түрде ашып, бағалау. Еуразиялық экономикалық одақ – ЕЭО елдерінің кедендік заңнамасын дамыту ерекшеліктерін жүйелі түрде түсіну.

NO 6. Азаматтық құқықтың тұжырымдамалық ережелерін жинақтау және топтастыру; білікті заң қорытындыларын әзірлеу және азаматтық заңнама мәселелері бойынша консультациялар жүргізу; ұлттық және шетелдік азаматтық заңнаманы салыстыру; азаматтық құқықтың ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру.

NO 7.   Конституциялық бақылау институтын сын тұрғысынан бағалау; Конституциялық процесс теориясын әзірлеу; мемлекеттік басқару саласындағы реформаларды бағалау; мемлекеттік басқаруға қатысты ұлттық және шетелдік заңнаманы салыстыру.

NO 8. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жаңғырту процестерін бағалау; зияткерлік меншік құқығын қорғау тетігін әзірлеу. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласындағы қазіргі заманғы ғылыми мектептердің әлемдік тенденциялары мен даму динамикасын сыни бағалау; Қазақстан Республикасының әлеуметтік-қамтамасыз ету заңнамасын жаңғыртудың құқықтық тәсілдеріне қатысты ғылыми ұстанымды түсіндіру және дәлелдеу. Зияткерлік меншік құқығын қорғау механизмін бағалау және сыни талдау; зияткерлік меншік құқығын қорғаудың теориялық және практикалық мәселелеріне қатысты диалог жүргізу; зияткерлік меншік құқығын құқықтық реттеудің одан әрі дамуын болжау.

NO 9. Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың құқықтық мәселелерін жүйелі түрде талдау; халықаралық құқықтағы интеграциялық байланыстарды дамыту тетіктерін әзірлеу. Қазақстанның шет елдермен экономикалық қатынастарын құқықтық реттеудің перспективалық бағыттарын талдау және анықтау; ҚР шет мемлекеттермен халықаралық экономикалық ынтымақтастығының құқықтық негіздерін сыни бағалау;

NO 10. Жазалардың криминопенологиялық параметрлерін және олардың типтерін, криминалдық және криминопеналдық құбылыстарды жүйелі түсіну және жіктеу; қылмыстық сот ісін реформалау процестерін талдау. Инновациялық білім беру технологиялары мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып, оларды сыни тұрғыдан түсіну негізінде заң пәндері бойынша оқу сабақтарын және аудиториядан тыс жұмыстарды өткізу үшін оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу.

NO 11. Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық механизмін жетілдірудің негізгі бағыттарын жүйелі түсіну және осы негізде ҚР-да табиғатты қорғау қызметінің даму деңгейін бағалау; табиғатты қорғау қызметін құқықтық реттеу проблемалары бойынша ғылыми тұжырымдамаларды бағалау бойынша диалог жүргізу; халықаралық стандарттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық тетігінің даму үрдісін анықтау.

NO 12. Ғылыми пікірталастар мен жарияланымдарда, сондай-ақ ұлттық және халықаралық рецензияланатын басылымдарда талқылау үшін ғылыми нәтижелерді дәлелді және негізді түрде ұсыну. Құқықтық ғылым проблемаларын шешу үшін қоғамда дұрыс және төзімді өзара іс-қимыл жасауға, әлеуметтік өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа дайын болу.

2.2  ББ әр модульдері бойынша күтілетін нәтижелер

(оқыту нәтижелерін сипаттау жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес)

Модульдің атауы

M-1 Мемлекет пен құқықтың теориялық мәселелері: жаңа көзқарастар

 

 

 

Берілген модулді сәтті аяқтағаннан кейін білім алушылар қабілетті болуға тиіс:

1. Философиялық санаттарға негізделген жаңа құқықтық идеяларды дәлелдеу және синтездеу; құқықтық түсінудің ғылыми мектептерін саралау; құқықтық практика үшін құқық түсінудің әртүрлі тұжырымдамаларының мәнін бағалау

2.   Әлеуметтік ғылымның жаңа жетістіктерін ескере отырып, мемлекет пен құқықтың мәнін, қызмет етуін және одан әрі дамуын талдау және бағалау.

3. Даулы құқықтық қатынастардың түрлерін сыни бағалау және саралау, әлеуметтік қақтығыстардың профилактикасындағы құқықтың рөлін анықтау; әлеуметтік қақтығыстарды шешу үшін құқықтық келісу рәсімдерін қолдану әдістемесін әзірлеу;  

4. Медиация институтының рөлі мен маңыздылығын анықтау, медиация институтын жетілдіру жолдарын анықтау; дауларды баламалы шешуді талдау және бағалау, татуластыру рәсімдері

5. Азаматтық іс жүргізу құқығының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру; талап-арыз өндірісіне; кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қорғауға; іс жүргізушілік ынтымақтастық; іс жүргізушілік құқықтық мирасқорлыққа қатысты жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу;

6. Жүйелік негізде жасырын қылмыстың қылмыстық-құқықтық, іс жүргізу, криминалистикалық, криминологиялық, әлеуметтік аспектілеріне талдау жүргізу

7. Қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды бағалау және саралау; Виктимологиялық параметрлерді ескере отырып, латенттік қылмысты зерттеу әдістерін жасау, әзірлеу және бейімдеу;

8. ЕЭО шеңберіндегі заңнаманың өзекті мәселелеріне қатысты ғылыми талқылауды өткізу; Еуразиялық Экономикалық Одақ – ЕЭО елдерінің кедендік заңнамасын дамыту ерекшеліктерін жүйелі түсіну

2.4 М-2 Азаматтық заңдарды бірегейлендірудің өзекті мәселелері

 

 

Осы модульді сәтті аяқтағаннан кейін докторанттар қабілетті болуы тиіс:

1. азаматтық құқық саласындағы заңды ұғымдар мен санаттарға жүйелі түрде әрекет ету;

2. азаматтық құқық мәселелері бойынша білікті заң қорытындыларын және консультацияларды әзірлеу;

3. азаматтық құқықтың негізгі тұжырымдамалық ережелерін дамытуға қатысты өз көзқарастарын талдау және дәлелдеу;

4. Қазақстан Республикасының және шет елдердің азаматтық заңнамасына салыстырмалы талдау жүргізу;

5. Еуразиялық экономикалық кеңістік шеңберінде азаматтық заңнаманы бірегейлендіру мәселелері бойынша жаңа және күрделі ғылыми идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу қабілетін көрсету;

6. Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының әлемдік стандарттарға сәйкестік деңгейін бағалау;

7. Еуразиялық экономикалық кеңістік шеңберінде заңды дауларды шешу мәселелері бойынша өз білімі мен тұжырымдарын көрсете отырып, өз көзқарасын дәлелдеу және қорғау;

8. Еуразиялық экономикалық кеңістік шеңберінде азаматтық заңнаманы бірегейлендіру мәселелері бойынша ғылыми пікірталас түрінде ғылыми қауымдастық пен қоғамның кең ауқымында диалог жүргізу.

2.5 М-3 Конституциялық бақылау заңнамасын жетілдіру мәселелері / Әлеуметтік-қамтамасыз ету заңнамаларының модернизациясы / Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын құқықтық реттеудің мәселелері / Криминопенологияның мәселелері

 

Осы модульді сәтті аяқтағаннан кейін білім алушылар қабілетті болуы тиіс:

1. Конституциялық бақылаудың мәні мен ерекшеліктерін кешенді құқық институты ретінде жүйелі түсіну; құқықтық мемлекетті қалыптастыру үшін конституциялық бақылау жүйесінің маңыздылығын дәлелдеу; ҚР Конституциялық Кеңесі қызметінің ерекшелігін және конституциялық бақылау элементтерін бағалау;    

2. Мемлекеттік басқару теориясының мәртебесі бойынша тең, кең ғылыми қоғамдастықпен және жалпы қоғаммен жаңа ережелері бойынша диалог жүргізу және өз ұстанымын дәлелдеу; Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамытудың жаңа бағыттарын генерациялау;

3. Әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамасын жаңғырту проблемаларын жүйелі түрде түсіну; әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы саласындағы қазіргі заманғы ғылыми мектептердің әлемдік тенденциялары мен даму динамикасын сыни бағалау; Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамасын жаңғыртудың құқықтық тәсілдеріне қатысты ғылыми ұстанымды түсіндіру және дәлелдеу;

4. Зияткерлік меншік құқығын қорғау механизмін бағалау және сыни талдау; зияткерлік меншік құқығын қорғаудың теориялық және практикалық мәселелеріне қатысты диалог жүргізу; зияткерлік меншік құқығын құқықтық реттеудің одан әрі дамуын болжау.

5. Қазақстанның шет елдермен экономикалық қатынастарын құқықтық реттеудің перспективалық бағыттарын талдау және анықтау; ҚР шет мемлекеттермен халықаралық экономикалық ынтымақтастығының құқықтық негіздерін сыни бағалау;

6. Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық механизмін жетілдірудің негізгі бағыттарын жүйелі түсіну және осы негізде ҚР-да табиғатты қорғау қызметінің даму деңгейін бағалау; табиғатты қорғау қызметін құқықтық реттеу проблемалары бойынша ғылыми тұжырымдамаларды бағалау бойынша диалог жүргізу; халықаралық стандарттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық тетігінің даму үрдісін анықтау.

7. Криминопенологияның және пеналдық қылмыстық мінез-құлықтың қазіргі заманғы проблемаларын жүйелі түсіну; жазалаушы қылмыс туралы негізгі ілімдерді сыни талдау; пеналдық қылмыстық мінез-құлықтың түрлерін саралау; жазалардың криминопенологиялық параметрлерін және олардың түрлерін саралау; криминалдық және криминопеналдық құбылыстарды жүйелі түрде жіктеу;

8. Қылмыстық сот төрелігінің құқықтық табиғатын дәлелдеу және бағалау және осының негізінде қылмыстық сот төрелігінің ерекшеліктерін негіздеу; қылмыстық сот төрелігінің халықаралық-құқықтық стандарттарының нормативтік мазмұнына қатысты жаңа идеяларды генерациялау .

3. ББ түлектерінің кәсіби қызмет салалары

3.1 Жоспарланған түлектердің кәсіби қызмет салалары

ББ бойынша кадрларды даярлау мынадай кәсіби қызмет салаларына жоспарланған:

-     білім беру;

-     білім беру (педагогикалық);

-     ғылыми;

-     құқық қорғау;

-     консультациялық;

-     сараптама;

-     ақпараттық-аналитикалық;

-     жобалық;

-     ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет

3.2 Түлектердің даярланған кәсіби қызмет түрлері

ББ бойынша кадрларды даярлауда кәсіби қызмет салалары бойынша келесі қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері кіреді:

- ЖОО оқытушысы;

- ҒЗИ ғылыми қызметкері  

- Судья;

- Прокурор;

- адвокат;

-заңгер-кеңесші

- құқық қорғау органдарының қызметкерлері

Мамандық бойынша кәсіби қызметтің аралас түрлері:

- саясаттанушы;

- ақпараттық-талдау маманы;

- құқық қорғаушы

3.3 Берілген ББ түлектерінің еңбек нарығын талдау және оларға сұраныс

Заңгер мамандығы стратегиялық маңызға ие. Әрбір екінші жоғары оқу орны заңгерлерді дайындайды. 2018/2019 оқу жылының басында Қазақстанда филиалдарды есепке ала отырып, 128 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Мемлекеттік меншік нысаны бойынша 45 жоғары оқу орны, жеке меншік нысаны бойынша – 79 және шетелдік меншік нысаны бойынша – 4 жоғары оқу орны бар. Заңгерлерді оқытумен айналысады: бакалавриат – 61 оқу орны, магистратура – 38, докторантура – 7.

Білікті оқытушылардың үштен бірі бір мезгілде бірнеше ЖОО-да еңбек етеді. Білім сапасы мен білімнің болуы екінші орынға шығады. Жоғары оқу орындары үшін бірінші орында коммерциялық қызығушылық бар [1].

1 Кравченко А. Қазақстанда нағыз заңгерлердің тапшылығы орын алуда // Республикалық адвокаттар алқасы // http://advokatura.kz/v-kazahstane-defitsit-nastoyashhih-yuristov

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша Қазақстандағы штаттық профессор-оқытушылар құрамының саны 38 275 адамды құрайды, оның ішінде қоса атқаратын жұмыс бойынша 5 630 оқытушы жұмыс істейді. Жалпы профессорлық-оқытушылық құрамының 8,4% – ында ғылым докторы атағы бар, 33,7%-ы ғылым кандидаты, 6%-ы профессор атағына және 14,8%-ы доцент атағына ие. Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылар саны 12 337 адамды немесе 32,2%, философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор – 2 379 адамды немесе 6,2% құрайды. [2].

2 Қазақстандық ЖОО студенттерінің 54% – ға жуығы-қыздар // https://forbes.kz/news/2019/02/03/newsid_192104

Бұл деректер «8D042_ _ - Құқықтану» бағыты бойынша PhD докторларын дайындау қажеттілігі бар екенін көрсетеді. Білікті педагогтар мен ғылыми мамандарсыз жоғары деңгейдегі заңгерлерді даярлау мүмкін емес. Өңірлік жоғары оқу орындары «8D042_ _ - Құқықтану» бағыты бойынша жоғары білікті кадрлар – PhD докторлары тапшы»

4. Абитуриенттерге қойылатын талаптар

 

Кәсіптік білім – докторантура жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім негізінде жүзеге асырылады. Докторантураға қабылдау «Жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелеріне» сәйкес түсу емтихандарын тапсыру қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеу шарттары «ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына қабылдаудың типтік ережелеріне» сәйкес келеді».бірегейлендіру

 

Білім беру бағдарламасының модульдері бойынша құзыреттердің қалыптасу матрицасы

           

Модуль атауы

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Мемлекет пен құқықтың теориялық мәселелері: жаңа көзқарастар

А1

В1

 

В3

В4

 

 

 

 

 

 

D

Азаматтық заңдарды бірегейлендірудің өзекті мәселелері  

А1

 

В2

 

В4

С1

 

С3

 

 

 

D

Конституциялық бақылау заңнамасын жетілдіру мәселелері / Әлеуметтік-қамтамасыз ету заңнамаларының модернизациясы / Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын құқықтық реттеудің мәселелері / Криминопенологияның мәселелері

 

А1

 

 

В3

 

 

С2

С3

С4

С5

С6

D