8D042 – КЕДЕН ІСІ

1. Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

1.1 ББ-ның мақсаты мен миссиясы

Миссиясы: Кадрлық потенциалды қалыптастыру – отандық және халықаралық еңбек нарығында олардың қажеттіліктері мен елдің және өңірдің даму перспективаларына сәйкес бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау.

Мақсаты: Кеден ісі саласында тереңдетілген құзыреттілікке ие,   шет тілдерін кәсіби меңгерген; кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда басқару функцияларын іске асыра алатын; кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуін талдау және басқару; кәсіби білімі мен қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, педагогикалық, ғылыми-зерттеу және заң шығару қызметін жүзеге асыра алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.

1.2 БбБ-ның негізгі көрсеткіштері

Білім беру бағдарламасының түрі: докторантура

Игеру мерзімі: 3 жыл

Оқу нысаны – күндізгі

Еңбексыйымдылығы – 180 кредит

Теориялық білім алу – 45 кредит

1.3 БбБ-ның қысқаша сипаттамасы

«8D042___ - Кеден ісі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы ДСҰ және ЕО-тың халықаралық стандарттарына сәйкес өңделген және ДСҰ халықаралық аккредитіне ие.

ББ құзыреттілік тәсіліне негізделген модульдік принцип бойынша қалыптастырылатын оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады. Жоспар пәндер циклдарының игерілуінің логикалық дәйектілігін, сондай-ақ тиісті құзыреттілікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін тәжірибені көрсетеді. Модульдер базалық және профильдеу пәндер блоктарына топтастырылады, оның ішінде жоғары оқу орындарының және элективті компоненттерді қамтиды. Компоненттер Дүниежүзілік кеден ұйымының кәсіби стандарттарына негізделіп қалыптастырылған. ББ докторанттарға табысты жұмыс істеу, және дербес ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге дайындалған, ұйымдастырушылық-басқару қызметі үшін қажетті жалпымәдени және кәсіби компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған.

«8D042___ - Кеден ісі» мамандығы бойынша даярлаудың келесідей ғылыми бағыттары көзделген:

1. ЕАЭО-да кедендерді ұйымдастыру мәселелері

2. Кедендік-тарифтік реттеу мәселелері

3. Кедендік әкімшілендіру мәселелері

4. Кедендік құқық бұзушылықтармен күрестің өзекті мәселелері

2. Оқу нәтижелерінің форматы бойынша біліктілік талаптары

2.1 ББ бойынша күтілетін оқу нәтижесі

(Болашақ маманның қызмет түріне (аясына) қарай)

Осы бағдарламаны бітірген докторанттар төмендегі қабілеттерге ие болады:

1. Ұлттық және халықаралық стандарттарға, қазіргі заманғы ақпараттық және библиографиялық мәдениетке сәйкес ғылыми және кәсіптік құжаттарды құрастыру мен ресімдеу әдістеріне, бірнеше жұмыс тіліндегі ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру әдістеріне ие болады.; ғылыми жұмыстарды сапалы бағалауға, олардың нәтижелерін логикалық тұрғыда және сабақтастықта ұсына алуға; ақпараттарды жинауға, өңдеуге, талдауға, жүйелеуге, кеден ісі саласында талдау шолуларын жасау мен анықтамалар даярлай алуға.

2. Ғылыми зерттеу әдіснамасын жіктей алуға;   жоспарлау әдістерін игеруге; кеден ісі аясында зерттеулер жүргізуді жоспарлауға, ұйымдастыруға; зерттеу нәтижелерін талдай алу мен бағалауға; ғылыми құжаттар мен материалдарды ресімдеуге; апробация әдістерін ажырата алуға алуға және қолдануға; ғылыми зерттеу нәтижелерін тәжірибелік қызметке енгізуге және коммерциализациялауға; кеден ісі аясындағы кеден заңнамасына ғылыми талдау жүргізе алуға және халықаралық стантарттар имплементациясы мәселелерін талдай алуға; кеден ісі аясындағы нормативтік құжаттарға бастамашы болуға және әзірлеуге.

3. Кедендік реттеу, кеден ісін басқару және кеден әкімшілігін жүргізу теориясын жіктей және түсіндіре алуға; оқытудың қазіргі заманғы технологияларын, педагогика мен психология ғылымындарындағы жаңа жетістіктерді қолдана отырып, әдістемелік құжаттарға сәйкес оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізе алуға; оқу үдерісі әдістемелік қамтамасыз ете алуға; кәсіптік қоғамдастықтармен және білім беру саласындағы мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізуге және қарым-қатынастар жасай алу.

4. Кеден ісі мен ақпараттық технологияларды басқарудың жаңа парадигмаларын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нысандары мен әдістерін қолдану; инновациялық басқарудың әдіснамасын, технологиялары мен құралдарын бағалау және қалыптастыру; құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру; басқару субъектілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу; көрсетілетін кеден қызметтерінің сапасын, ҚР және ЕАЭО қатысушы-елдердің кеден қызметтерінің өзара іс-қимыл жүйесін бағалау, олардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын ұйымдастыру.

5. Кедендік реттеу тәжірибесі мен теориясын сәйкестендіре алуға; Қазақстан Республикасының, ЕАЭО-ның Дүниежүзілік Кеден Ұйымының кеден заңнамаларын талқылай және талдай алуға; ақпараттық-талдауды қамтамасыз ете алуға және кедендік реттеудің ақпараттық арналарын қолдана алуға; кедендік реттеу қызметі бойынша келіссөздер жүргізе алуға; мемлекеттік кедендік саясатты қалыптастыра алуға және оларды іске асыруға байланысты іс-шараларды жүргізе алуға.

6. Кеден саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен интеграциялық процестердің тенденциялары мен перспективаларын айқындау; елдердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігіне талдау жүргізу; экономикалық дамуды болжау және экономикалық қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді анықтау; оңтайлы кеден саясатын қалыптастыру және ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау мен ілгерілетуді құқықтық қамтамасыз ету процесін әзірлеу және бақылау; ҚР кеден заңнамасының, ЕАЭО, халықаралық шарттар мен келісімдердің сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету.

7. Кедендік-тарифтік реттеудің теориялық және тәжірибелік проблемаларын анықтай және талдай алуға; тауарлардың шығарылған елін, кедендік құның және тауарлардың кодтарын анықтаудың әдіснамасын анықтауды талдай және жіктей алуға; құқықтық жағдайларды шеше алуға; кедендік-тарифтік реттеу саласындағы кеден заңнамасының проблемаларын шешуге және оларды жетілдіруге байланысты ұсыныстар бере алуға.

8. Кеден әкімшілігін жүргізу теориясын түсіндіре алуға және тиімділігіне талдау жасай алуға; кеден әкімшілігін жүргізудің әдіснамасын, құқықтық және ұйымдастырушылық механизмдерін қолдана және талдай алу қабілеттіліктерін; кеден әкімшілігін жүргізудегі тәуекелдерді басқару жүйесі мен бизнес-процестерді оңтайландыра алуға; кеден саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және анықтай алуға.