Алшанов Рахман Алшанұлы
Алшанов Рахман Алшанұлы
(13.09.1947, Қазақстан Республикасы)
Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті
Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі
Кадрлар және сыйақылар комитетінің мүшесі
Білімі:
- С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1974)
Экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
- Экономика ғылымдарының докторы;
- Профессор;
- Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (1996);
- "Еуразия" ХЭА академигі (1998);
- Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі (2000), Вице-президент (2015 жылдан);
- Халықаралық Инженерлік академиясының академигі (2004)
Еңбек өтілі:
- Бастауыш сынып мұғалімі, Шу қант зауытының центрифугашысы, кассир, Көктерек совхозрабкоопының нұсқаушысы (1965-1966);
- Комсомол комитетінің хатшысы, аға оқытушы, партком хатшысының орынбасары, доцент, аға ғылыми қызметкер, Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетінің деканы (1973-1988);
- Республикалық мәдениет қызметкерлерінің БАИ ректоры (1988-1992);
- Қазақстан Ғылым Академиясының сыртқы экономика орталығы директорының орынбасары (1992-1993);
- "Тұран" университетінің ректоры (07.1992 бастап)
Басқа лауазымдар:
- Қазақстан мәдениет қызметкерлері шығармашылық одағының төрағасы (1991-1994);
- Қазақстан Республикасы Білім беру мекемелері қауымдастығының президенті (1999-2001);
- Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті (11.2001 ж. бастап);
- Халықаралық қоғамдық туризм академиясының президенті (2000);
- "EdNet" білім беру желісінің Директорлар кеңесінің мүшесі;
- "Отан" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі (11.2002-07.2006);
- Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, төраға (29.03.2016 бастап);
- Директорлар кеңесінің мүшесі, "Altyn Bank" АҚ тәуелсіз директоры (29.03.2016 бастап)
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:
- Ордендер: Халықтар достығы, "Парасат" (12.2016);
- Медальдар: "ВЛКСМ-ге 100 жыл" мерейтойлық медалі (10.2018);
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы;
- Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі;
- Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері;
- Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері