Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы
![]() |
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры
Білімі:
- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1980)
филология факультеті
- Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті (2000)
құқық факультеті.
Еңбек өтілі:
- С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент (1980-1993);
- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Орта және Таяу Шығыс және Африка елдерін басқару бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1993-1994);
- Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997);
- Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999);
- Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас Консулы (Ыстамбұл қ-сы) (1999);
- Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004);
- Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы (31.03.2004-01.02.2006);
- Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.02.2006-10.01.2007);
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010);
- Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2010-10.2016);
- Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (03.2011-10.2016);
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі (07.10.2016-20.06.2018);
- Түркістан облысының әкімі (20.06.2018-26.02.2019);
- Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі (28.02.2019-02.2021);
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры (10.02.2021)