16.04.2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасы ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «ЦИФРЛЫҚ МАРКЕТИНГ: ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» тақырыбында «5В051100 – Маркетинг&

14.04.2021

Көрулер: 2026

16.04.2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасы

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «ЦИФРЛЫҚ МАРКЕТИНГ: ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» тақырыбында «5В051100 – Маркетинг», «6В04107 - Маркетинг» мамандықтары бойынша

XIIІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтетінін хабарлайды

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өтетін XIIІ Республикалық студенттік пән олимпиадасында (әрі қарай Олимпиада) «6В04107 - Маркетинг», «5В051100 – Маркетинг» мамандықтарының күндізгі оқу формасының 2-3 курс бакалавриат студенттері қатысады және іріктеу шарттарына сай келетін қатысушылар Олимпиаданың екінші (қорытынды) кезеңіне шақырылады.

 

Олимпиада бойынша уақыт дедлайны 

 

Мерзімі

Іс-шаралар

Жауапты тұлғалар

3

16.04.2021 ж.

9:00 - 16:00

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да онлайн форматта өтетін Республикалық Олимпиаданың екінші кезеңі

Ұйымдастыру комитеті

9:00-9:45

Қатысушыларды тіркеу

Ұйымдастыру комитеті

9:45 - 14:00

Олимпиаданың екінші кезеңін өткізу

Ұйымдастыру комитеті

14:00 - 15:30

Үзіліс

Ұйымдастыру комитеті

16:00

Екінші кезең бойынша қорытындылау және Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

Ұйымдастыру комитеті

 

Бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық саласы бойынша проректордың қолы қойылған және елтаңбасы бар мөр басылған дипломмен марапатталады.

Қатысушыларды тіркеу үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат; студенттік құжат болуы керек. Команданың міндетті түрде жетекшісі болуы қажет.

Байланыс нөмірі:

Шуренов Нурсултан Бекетович +7707 690 0707

 

050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, ГУК 3Б, Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Бизнес-технологиялар» кафедрасы, 213 кабинет, тел. +7 (727) 221-13-96. Олимпиада туралы ақпаратты www.kaznu.kz сайтынан алуға болады.