Кафедра тарихы

    Іргелі медицина кафедрасы 2018 жылы ректордың бұйрығымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Жоғары медицина мектебінің құрамында ұйымдастырылды. Сол уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін кафедраны б.ғ.к. Сәрсенова Лаззат Кадиргалиевна басқарады. Бірінші оқу жылында «Жалпы медицина» оқу бағдарламасы бойынша 52 студент қабылданды, оның 34-і шетелдік азаматтары. Жаңадан құрылған мектепте медициналық оқытудың жаңа бағдарламасыны -  кешенді пәнаралық тәсілі, белсенді оқыту әдістерін (PBL, TBL, CBL) кеңінен енгізу және көп бейінді университеттің мүмкіндіктерін барынша пайдалану болды. Көбінесе сабақтарды бір уақытта бірнеше түрлі мамандар жүргізді, бұл адам ағзасының қызмет етуінің негізгі құбылыстарын кешенді түрде қарастыруды қамтамасыз етті.

               

                                          20 қараша 2018 ж.  “White Coat Ceremony” атты студент қатарына қабылдау салтанаты

 2019 жылы кафедрада жаңа «Фармация» мамандығы ашылып, бакалавриатқа алғашқы қабылдау жүргізілді, қазіргі уақытта бұл мамандық бойынша 25 студент, оның ішінде 8 шетел азаматтары оқуда. 2020 жылы «Фармация» магистратура бағдарламасы бойынша, 2021 жылы «Фармация» PhD докторантурасы бойынша оқу басталды. Бүгінгі таңда 4 магистрант бітіріп, 16 магистрант білім алуда, оның ішінде 4 шетелдік студент. «Фармация» мамандығының 3 докторанты 2 курсты аяқтайды, оның ішінде 1 шетелдік. Осылайша, кафедра жоғары оқу орындарының барлық 3 деңгейінде фармацевтерді дайындауды бастады. Кафедра құрамында жоғары медицина мектебінде фармацевтика ғылымының даму сипаты мен бағытын анықтаған фармация саласындағы жоғары білікті мамандар командасы пайда болды. Фармация бағдарламаларын іске қосу ірі отандық фармацевтикалық компаниялармен, ғылыми орталықтармен, клиникалармен және дәріханалармен серіктестіктің кеңеюімен қатар жүрді, тәжірибелік базалармен 30-ға жуық келісім-шарттар жасалды, «GxP Company» ЖШС, Smart Health университеті базасында кафедра филиалдары құрылды. 2021 жылдан бастап кафедра «Биомедицина» мамандығы бойынша денсаулық сақтау магистрлерін даярлауды бастады. Денсаулық сақтау жүйесінде табысты жұмыс істейтін «Биомедицина» білім беру бағдарламасы бойынша 2 денсаулық сақтау магистрі аяқтап, диплом алды. Бұл бағдарламаны әзірлеуге Нагасаки университетінің серіктестері баға жетпес үлес қосты. Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро негізінде бөлімшенің филиалы ашылып, қаланың ғылыми орталықтарымен және емханаларымен келісім-шарттар жасалды.
Сол 2021 жылы кафедрада мейірбике ісі курсы құрылып, мейірбике ісі бакалавры мен магистрін дайындау басталды. Курс жетекшісі медицина ғылымдарының докторы, профессор м.а Оспанова Динара Алмаханқызы.

           

              5 шілде 2022 ж. Кафедра түлектерінің магистратура бітіру сәті

Бүгінгі таңда кафедрада 116 адам жұмыс істейді, оның ішінде: 9 медицина ғылымдарының докторы, 1 биология ғылымының докторы, 38 PhD және медицина, биология және химия және физика ғылымдарының кандидаттары, 68 медициналық білімі бар оқытушылар (дәрігерлер, қоғамдық денсаулық сақтау мамандары) және мейірбике ісі), 7 – фармацевтикалық білімі бар, 32 биолог/биотехнолог, 9 химик/технолог, 2 физик, 17 оқытушы – шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері. Сондай-ақ, 12 оқытушы докторантурада білім алуда, алдағы 1-2 жылда қорғауға шықпақ. Оқыту 3 тілде жүргізіледі – топтардың 35% дерлік ағылшын тілінде оқытылады.
Кафедра бакалавриаттың 2 білім беру бағдарламасының, 5 бір жылдық және екі жылдық магистратураның және 1 докторантураның үйлестірушісі болып табылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы сондай-ақ «Жалпы медицина» және «Стоматология» білім беру бағдарламалары базалық биомедициналық пәндерді енгізуге қатысады және 1-2 курс студенттеріне жетекшілік етеді. Кафедрада барлығы 2200-ден астам студент білім алады, оның ішінде 645-і шетел азаматтары.