ХХІІІ Халықаралық морфологиялық ғылымдар симпозиумы 2021

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ

 

Медицина және денсаулық сақтау факультеті, Жоғарғы медицина мектебі, іргелі медицина кафедрасы

 

"Еуразиялық морфологтар ұйымы»

 

2021 жылдың 27-31 мамырда ТМД аумағында алғаш рет

XXVII Халықаралық морфологиялық ғылымдар симпозиумы ISMS 2021

«Cell, tissue, organs – experience, innovation and progress» өткізіледі.

 

                   http://www.isms2020.kz/

 

programm 2021.pdf

 

Алғашқы симпозиум 1971 жылы Мексикада өтті, және әр екі жыл сайын жарты ғасыр бойы 20-дан астам түрлі елдер осы іс-шараның қожайындары-ұйымдастырушылары болды.

2018 жылы 5 маусымда Прага қаласында өткен XXVI симпозиумда морфологиялық ғылымдар Симпозиумы комитетінің отырысында келесі ISMS-2020 іс-шарасын Қазақстан Республикасында өткізу туралы шешім бірауыздан қабылданды. Алайда, COVID-19 пандемиясының басталуына байланысты симпозиумды 2021 жылдың мамырына ауыстыру туралы шешім қабылданған еді.

ISMS-2021-бұл зерттеулердің нақты морфологиялық дәлелдеріне негізделген медицина ғылымының соңғы жетістіктерімен бөлісу алаңы.

ISMS-2021-бұл жаңа жағдай кезінде ғалымдар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа жолы, жаңа әдістерді іздеу және идеяларды қалыптастыру. 

  • •      ТМД аумағында алғаш рет Қазақстанда еліміздің, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің 2000-нан астам ғалымдары үшін ғылыми онлайн алаң ұйымдастырылады.
  • •      Ғылымның әлемдік жетістіктерін кеңінен тарату түрлі ғылыми бағыттар бойынша 10 секцияда жүргізіледі.
  • •      Морфологияның әртүрлі бағыттары бойынша жетекші әлемдік сарапшылардың дәрістеріне біздің мамандарымыз үшін қатысудың бірегей мүмкіндігі.
  • •      "Annals of Anatomy" басылымында медициналық, морфологиялық ғылымның жаңалықтары мен жетістіктерін жариялау (Scopus базасымен индекстеу, IF - 1,852)

Конгресс аясында алғаш рет медициналық университеттерде оқу мақсатында мәйіт материалының донорлығы мәселесі бойынша "BODY DONATION: A GLOBAL PERSPERCTIVE IN A ROUND TABLE DISCUSSION" дөңгелек үстелі ұйымдастырылады. Әр түрлі елдер мен континенттердің морфологтары өз тәжірибелерін, мәселелері мен шешімдерін ұсынады.

Конгресс бағдарламасында Халықаралық анатомиялық қауымдастықтар федерациясының ерекше "Workshop on scientific writing" мастер-классы өткізіледі http://isms2020.kz/index.php/workshop-form

                               

 

Конгресс аясында жас ғалымдар секциясы, баяндамалар байқауы өтеді.

Үздік баяндама сыйлыққа ие болады (100 €).

 

Постерлік секциялар түрлі тақырыптық бағыттар бойынша онлайн режимінде өткізіледі.

Конгрестің соңғы кезеңінде келесі ISMS 2023 конгресін өткізу туралы шешім қабылданатын Халықаралық Морфологиялық Ғылымдар Симпозиумы комитетінің отырысы өтеді https://www.symposiamorphologica.com/,. Симпозиумның жабылу салтанатында конгресстің туы мен мөрі салтанатты түрде келесі Конгрестің Президентіне беріледі.