«А. Байтұрсынов - әдебиеттанушы» Қалқабаева С.Ә.

 

 

2020 жылдың 7-қарашасында Microsoft Teams платформасында доцент С.Ә. Қалқабаева «Қазақ әдебиеттануының өзекті мәселелері» пәні бойынша

«7M02313 Қазақ филологиясы» мамандығында оқитын 2 курс магистранттарына «А. Байтұрсынов - әдебиеттанушы» тақырыбында ашық дәріс оқыды. Дәріскер қазақ әдебиеттануының негізін қалаған  әдебиеттанушы-ғалым, эстетик-сыншы Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық әдебиеттанудағы іргелі ғылыми зерттеулерінің мәнін аша келе, ұлтына, еліне, әдебиетке арымен беріліп, оған адал еңбек еткен алаш қайраткері екендігін видео материалдарды пайдалана отырып тұжырымдап қорытты.

www.kaznu.kz