А.М. Ахметова оқытушысының сабақтары туралы мәлімет

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттеріне 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестріндегі (10-14 апта арасы) «Қазіргі қазақ әдебиеті» және «Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм» пәндері қашықтан оқытылуда. Аталған пәндердің семинар сабақтары Zoom, microsoftstream.com, univer.kaznu.kz, dl.kaznu.kz сынды онлайн платформалар арқылы бейне және жазбаша түрде жүргізілуде. Студенттер университет сайтындағы қашықтан оқуға арналған парақшаларына оқытушы белгілеген уақыт аралығында жазбаша жұмыстарын тіркейді және жоғарыда аталған бағдарламалар арқылы оқытушы видео конференциялар ұйымдастырып, студенттерге берілген тақырыпты ауызша талқылауға (бейсенбі күні, сағат 17.00-21.30 аралығы) мүмкіндік береді.

Оқытушы студенттердің онлайн байланысқа шығу, қашықтан оқу тапсырмаларын тексеру жұмыстарын ұдайы қадағалап, білім алуды тиімді жүзеге асыруда. Қашықтан оқу жүйесі студент пен оқытушыға уақытты үнемдеуге, технология түрлерін тереңірек меңгеруге септігін тигізді. Қашықтан оқу жүйесіне студенттердің қызығушылығы жоғары екендігі байқалды әрі сабақтарға белсенді қатысады. Төменде қашықтан оқытылған сабақтар сілтемесі берілді.

 

1. «Лирикалық қаһарман және ақындық тұлға категориясы (Ұ.Есдәулет, И.Сапарбай, Н.Оразалин, Ж.Әбдірашев поэзиясы негізінде)» («Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні бойынша).

https://dl.kaznu.kz/mod/assign/view.php?id=97872

https://cloud.mail.ru/public/2DYj/5bQGVNkci

https://cloud.mail.ru/public/2rSz/SWBwJjTxY

 

2. «Дидар Амантай және Таласбек Әсемқұлов шығармаларындағы метапроза» («Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм» пәні бойынша)

https://univer.kaznu.kz/teacher/discussion/task/students/80228/273896/81696/2019/2/12

https://cloud.mail.ru/public/3JB8/29C1gbb4n

 

https://cloud.mail.ru/public/3cDX/NojMNVso3

 

https://cloud.mail.ru/public/4wa9/4g3JhTfh7

 

https://cloud.mail.ru/public/3FoB/5v4o46CjH

 

Ахметова А.М.

Филология және әлем тілдері факультеті

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы