PHD ДОКТОРАНТ МАШЖАН БЕРГЕН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ (UIB) «ЭКСТРЕМОФИЛДЕР ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

12.10.2020

Көрулер: 1871

Берген университеті (UiB) - халықаралық деңгейде танылған зерттеу университеті. UiB - Норвегиядағы ең жоғары көрсеткіші бар университет. UiB-де жеті факультет бар, солардың бірі биологиялық ғылымдар факультеті (BiО) биотехнология кафедрасымен ынтымақтастық орнатқан. Аталған факультеттегі “Extremophiles and Biotechnology” зерттеу тобы бірқатар экстремофильді микроорганизмдермен және олардың алуан түрлілігімен жұмыс жасайды, оларға: термоацидофильді метан тотықтырғыш бактериялар, архейлер, галофилдер, қатаң анаэробтар және өнеркәсіптік қолдану потенциалы бар термофилдерден бөлініп алынған гиперстабильді ферменттер.

2019 жылдың қазан айынан бастап 2020 жылдың мамыр айына дейін Биотехнология кафедрасының PhD докторанты Машжан Ақжігіт, профессор Нильс-Кэре Биркленд мен доцент Аида Кистаубаеваның жетекшілігімен “Extremophiles and Biotechnology” зерттеу тобына қосылу мүмкіндігіне ие болды. Бұл тағылымдаманың мақсаты менің докторантура жұмысымнын шеңберінде және “Network for research-based higher education in microbial biotechnology” (CPEA-LT-2017 / 10061) жобасының бөлігі ретінде метагеномиялық анализді қолдана отырып, Алматы облысындағы (Қазақстан) ыстық су көздерінен алынған сынамаларды зерттеуге бағытталған.

“Extremophiles and Biotechnology” зерттеу тобындағы Машжан Ақжігіттің негізгі рөлі Алматы облысында (Қазақстан) ыстық су көздерінен алынған су үлгілеріне метагеномиялық талдау жүргізу және қазіргі заманғы молекулалық биология әдістерін қолданып, ферментативті белсенділігі бар бактерияларды бөліп алу және сипаттау болды.