«Білім беру жүйесіндегі дене шынықтыру және спорт: тәжірибе және даму болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

10-ақп-22

Көрулер: 1755

2022 жылдың 10 ақпан күні сағат 10.00-18.00 аралығында ЖОО оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне, студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Білім беру жүйесіндегі дене шынықтыру және спорт: тәжірибе және даму болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы онлайн форматта өткізілді.

Конференцияны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дене тәрбиесі және спорт кафедрасы ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференция әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректордың м.а. Тасыбеков Хайдар Сүлейманұлы және ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының директоры Садықов Сағдат Қабырұлы құттықтау сөз сөйлеуімен ашылды. Конференцияның модераторы дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі Альмира Джуресовна Искакова болды.

Конференцияға Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің, П.Ф. Лесгафт Ұлттық мемлекеттік университетінің, Литва Витаутас Магнус университетінің, Латвия университетінің, Татарстан Республикасы және Тыва университеттерінің, қазақстандық жоғары оқу орындарының профессорлары, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Барлығы 23 ЖОО-дан 200 - ден астам адам қатысты, оның ішінде ғылым докторлары - 10, ғылым кандидаттары - 28, PhD докторанттары - 2, жоғары оқу орындарының аға оқытушылары - 39, жоғары оқу орындарының оқытушылары - 11, колледж оқытушылары - 7, мектеп мұғалімдері - 14, студенттер - 42, дене шынықтыру ұйымдары - 5. Баяндамалар мен сөз сөйлеулер саны - 30, жарияланымдар саны - 179.

Конференция үш секция бойынша өтті:

- Дене шынықтыру және спорт саласындағы болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың заманауи тәсілдері.

- Мектепке дейінгі, мектептегі, ЖОО-дағы дене тәрбиесінің теориялық-әдістемелік және практикалық аспектілерін жетілдіру.

- Білім беру жүйесіндегі БДТ жағдайы мен мәселелері.

Конференция соңында қорытынды шығарылып, 16 тармақ бойынша Қарар қабылданды.

Конференция соңында барлық қатысушыларға электронды сертификаттар мен конференцияның электронды жинағы берілді. Конференцияның электронды жинақ материалдары төменгі сілтеме бойынша орналастырылған: https://drive.google.com/file/d/1UI7ks0WvFLCLE2Q7rgCeqp60pRW4vcbD/view?usp=sharing