Асыл Айтақын еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

08.11.2021

Көрулер: 1650

2021 жылдың 8 қарашасында Белградта (Сербия) еркін күрестен әлем чемпионаты өтті. 61 келі салмақта «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Медицина және денсаулық факультетінің 2 курс студенті Асыл Айтақын қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін белдесу кезінде ол венгр Гамзатгаджи Халидовтан мықты болды.