Исламдық қаржы орталығы «Ал-Сакр Финанс» АҚ-мен бірлесе отырып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттеріне арналған бағдарлама ұсынады

10.03.2020

Көрулер: 2443

 

Бизнес-білім беруді енгізу бойынша бастамаларды ілгерілету мақсатында және исламдық қаржыландыру бойынша білім алу қажеттілігін ескере отырып, Исламдық қаржы орталығы «Ал-Сакр Финанс» АҚ-мен бірлесе отырып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттеріне арналған бағдарлама ұсынады.

 

Олар «Ал-Сакр Финанс» АҚ субсидиялайтын «Исламдық қаржыландыру негіздері» курсын оқиды. Басқарма төрағасы Думан Нұрбаев мырза студенттердің білім алуына қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.