Исламдық қаржы орталығының зерттеу нәтижелері «Жылдың үздік мақаласы» байқауына ұсынылады

06.12.2019

Көрулер: 1894

 

Исламдық қаржы орталығының зерттеу нәтижелері «Жылдың үздік мақаласы» байқауына ұсынылады.

 

Сіздерді 12.12.2019 жылы Қазақстанның астанасында өтетін жыл сайынғы әлемдегі зерттеушілердің халықаралық- - Science Forum: Research Impact ғылыми іс-шарасына шақырамыз.

 

Elsevier және АХҚО Бюросымен бірлесіп ұйымдастырылған Research Impact II ғылыми форумы Қазақстан мен алыс шетел ғалымдары, сарапшылары, тәжірибелі мамандары мен сала жетекшілерін бір алаңға жинап, білім мен ғылымның даму перспективаларын талқылауға арналған ашық алаң болады. Сонымен қатар, форумда саланың ең танымал өкілдері атап өтіледі және осы салада сіңірген ерекше еңбектері үшін марапатталады.

 

Биылғы форум «ғылыми-зерттеулердің әсері» ұранымен өтеді, өйткені ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттерінің бірі - ғылымның экономиканың тұрақты дамуына әсері, соның ішінде елдегі және аймақтардағы өнеркәсіптің жекелеген салаларына әсер етуі болып табылады.

 

Форум бағдарламасы 8 тақырыптық алаңнан тұрады, оның ішінде:

PechaKucha форматындағы «Жылдың үздік қағазы» байқауына конкурсқа қатысушылардың жұмыстарының тұсаукесері.

«University of the Future: Disrupt or Be Disrupted» панельдік сессиясы.

Ғылым этикасы, плагиат, мақала жазу, коммерцияландыру, патенттік аналитика және тағы да басқалар бойынша сессия болады.

 

Сондай-ақ, форум аясында қазақстандық ғалымдардың әр түрлі саладағы жетістіктері үшін Scopus Award 2019 беделді сыйлығы және «Астана» халықаралық қаржы орталығының жылдың үздік сараптамалық жұмысы байқауының жеңімпаздарын марапаттайтындығымызды қуана хабарлаймыз.

 

Келесі аптада өтетін жылдың басты ғылыми оқиғасын жіберіп алмаңыз!

 

Өтетін күні: 12 желтоқсан 2019 жыл

Уақыты: 9.00-18.00

Өткізілу орыны: Мәңгілік Ел проспектісі 55/23, С4. 4, павильоны АХҚО Бюросы