Исламдық қаржы орталығының директоры Хамад Бин Халифа университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті
Көрулер: 2328
Исламдық қаржы орталығының директоры және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғары мектебінің 2-курс докторанты 45 күн бойы Дохадағы Хамад Бин Халифа университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Университет исламдық қаржыландыру саласындағы көшбасшылардың бірі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың стратегиялық серіктесі болып табылады. Тағылымдама кезінде құнды ғылыми тәжірибелер жинақталды, сонымен қатар қос дипломды магистрлік бағдарламаны енгізу процесі белсенді түрде қарастырылып, келіссөздер жүргізілді, бағдарламаның мазмұны серіктес университеттің Ғылыми кеңесінде талқыланып, бағдарлама картасының жобасы жасалды.
13-14 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында екі мемлекеттің - Қазақстан мен Катардың үкіметаралық кездесуі болып өтті, онда қазақстандық студенттердің Дохада білім алуына гранттық қолдау туралы келісімге қол жеткізілді.







