ЭЖБЖМ ӨКІЛДЕРІ АХҚО АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

06.07.2018

Көрулер: 2052

 

Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Астана" халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу рәсімі өтті.

 

 

 

2015 жылғы желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО құру туралы Заңға қол қойды. Оның мақсаты - қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, деп еске салды агенттік.  АХҚО-да 55 компания тіркелді. 2020 жылға дейін олардың санын 500-ге дейін арттыру жоспарланған. АХҚО-ның ресми ашылуы Astana Finance Days форумының негізгі шарасы саналады. Салтанатты шараға мемлекеттер мен ірі халықаралық компаниялардың басшылары, ғылыми орта мен сарапшылық орталықтардың сарапшылары қатысып жатыр. 



Astana Finance Days аясында АХҚО Катар қаржы орталығының Қаржы қызметтерін реттеу басқармасымен, ERG, ТМД бойынша мемлекетаралық банкпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жібек жолы қоры АХҚО биржасының акционері атану үшін тиісті құжатқа қол қойды. 

 

 

Экономика жəне бизнес жоғары мектебінің деканы, э.ғ.д., профессор м.а. Сагиева Римма Қалымбекқызы, "Қаржы" кафедрасының оқытушылары Қуанова Лаура Айболовна мен Казбекова Жанат Бекетовна Астана халықаралық қаржы орталығының ашылу салтанатына қатысты.