"Freshmen party - 2023"🌍📚

29.10.2023

Көрулер: 335

28 қазан 2023 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, медицина және денсаулық сақтау факультетінің Жоғары Медицина мектебінде «QUASAR» студенттік ұйымы ұйымдастыруымен «Студенттер күні 2023» мерекесі өтті. Пакистан, Индия, Афганистан, Йемен, Египет, Сирия, Иордания, Палестина, Ирак, Турция мемлекеттерінен келген 200 жуық Жоғары Медицина мектебінің студенттері дәстүр бойынша мерекені салтанатты түрде атап өтті. 🎓🌟

Мереке студенттер үшін алғашқы ашық іс-шара болып табылады, онда олар өздерінің таланттарын көрсетуге мүмкіндік алады. Мереке бірінші курс студенттері үшін бейімделу кезеңін және студенттерге қолдау көрсету тәсілдерінің бірі болып табылады. 💪🌈

Сонымен қатар, студенттік ортада ұжымшылдық пен ұйымшылдықты дамытуға, командада жұмыс істей білуге бағытталған. 🎉💖