«Сирек аурулардың пәнаралық аспектілері» атты халықаралық студенттік конференция

25.02.2023

Көрулер: 1298

24-25 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары медицина мектебінде Халықаралық сирек кездесетін аурулармен күрес күніне және 5 жылдық мерейтойға орайластырылған «Сирек аурулардың пәнаралық аспектілері» атты халықаралық студенттік конференция өтті.
Конференцияда эпидемиология мәселелері, диагностиканың күрделілігі және орфандық ауруларды емдеу тәсілдері, атипикалық көріністері, жиі кездесетін ауруларды емдеудегі асқынулар мен проблемалар талқыланды. Конференцияға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Түркия және басқа елдердің әртүрлі медициналық университеттерінің студенттері, интерндері, магистранттары, PhD докторанттары, резиденттері, жас ғалымдары (35 жасқа дейін) қатысты. Бұл конференцияда Іргелі медицина кафедрасының аға оқытушысы Касенова Гүлжан Тоқтаубековна «Аутизм ведомствоаралық мәселе» атты баяндамасын жасады.