Наурыз-2023

13.03.2023

Көрулер: 587

2023 жылдың 17 Наурызында Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамының қарсаңында мектебімізде мерекелік іс - шара өкізілетінін хабарлаймыз. ЖММ-нің барлық профессорлық-оқытушы құрамы және студенттері шақырылады.
Сағат 11.00-да мерекелік концерт.
13.00-ден бастап дастарханнан дәм тату, түрлі ойындар, ән және би болады.
Мерекелік іс- шарада сізді күтеді:
1) Оқытушылар және студенттер үшін палау, бауырсақ, қымыз,шұбат, Наурыз-көже. Палау, бауырсақ, наурыз көже жергілікті жерде дайындалады.
2) ЖММ 3 кафедрасының атынан жайылған дастархан.
3) Студенттердің ұлттық тағамдары бар үстелдер (ұйымдастырушы Quasar).
4) Алтыбақан, спорттық ойындар, конкурстар.
5) Қара жорға флэшмобы.
6) Ұлттық киім байқауы.
7) Наурыз тақырыбында студенттік плакаттар байқауы.
Мерекелік іс - шараға ұлттық киім киіп, мерекелік көңіл күймен қатысқандарыңызды сұраймыз.