«WHITE COAT CEREMONY-2020»

20.11.2020

Көрулер: 2322

2020 жылдың 20 қарашасында медицина және денсаулық сақтау факультетінің Жоғары медициналық мектебі құрылғанының екінші жылдығын атап өтті. Осы жылдың ерекше жағдайларына қарамастан, Жоғары медицина мектебі бұл күні әлемнің 21 еліндегі білім алушылармен бірге болуға мүмкіндік алды. "White coat ceremony-2020" бірінші курс студенттеріне арналған ақ халат кигізу рәсімі онлайн режимінде өткізілді. Үздік студенттер мен үздік топтар анықталып, Жоғарғы медицина мектебі профессорларының атаулы стипендиялары берілді. Іс-шараға әлемнің 21 елінен атап айтқанда Үндістан, Пәкістан, Түркия, Иордания, Түрікменстан, Өзбекстан, Ирак, Йемен, Кения, Ауғанстан, Қытай, Сирия, Сауд Арабиясы, Сомали, Танзания, Бахрейн, Судан, Египет, Босния және Герцеговина, АҚШ, Ирландия елінен 288 студент қатысты:.

Медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы Ж.А. Қалматаева, Жоғарғы медицина мектебінің директоры Р.Б.Исаева студенттерді құттықтап, клиникалық пәндер кафедрасының профессорлары С.У.Каменова, Ы.А.Алмабаев, Г. М. Құрманованың видео-құттықтауы жолданды.

Студенттер үшін ғасырлар қойнауынан әл-Фараби, Әбу Әли ибн-Сина, Гиппократтың қара сөздері жаңғыртылды. Бірінші курс студенттері университеттің дәстүрлерін сақтауға, дәрігер мамандығына адал болуға, оқытушыларды құрметтеуге және денсаулық сақтау саласында нағыз маман болуға ант берді.

 
   

2020 жылы Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Жоғары медицина мектебінде студенттерді қолдаудың жаңа дәстүрі басталды. Жоғарғы медицина мектебінің профессорлары оқу жылының нәтижесі бойынша үздік студенттерге атаулы стипендиялар ұсынды. Бұл дәстүрді іргелі медицина кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Сапарғалиева Айгүл Дүйсекешқызы бастады. Профессор А.Д. Сапарғалиеваның стипендиясы конкурстық негізде және 50,000 теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақыны берілді. Байқаудың нәтижелері жыл сайынғы «White coat ceremony-2020» бірінші курс студенттеріне ақ халат кигізу рәсімінде жарияланды. 2020 жылы Жоғары медицина мектебінің 2 курс 3 үздік студен – Нұрлыбекұлы Бекзат, Дәулетбек Сұлтан Бақытнұрұлы, Нұрлан Аружан Нұрланқызы осындай жоғары құрметке ие болды. Құттықтаймыз.

2020-21 оқу жылында медицина жоғары мектебінің әдістемелік кеңесі қашықтықтан өткізілген Үздік сабаққа және пәннің үздік оқу-әдістемелік кешеніне конкурс жариялады. Байқаудың бірінші жартыжылдықтағы нәтижелері жыл сайын өтетін "White coat ceremony-2020" бірінші курс студенттеріне ақ халат кию рәсімінде жарияланып, қорытындыланды. "Қашықтықтан оқыту форматындағы Үздік сабақ" байқауының жеңімпазы фундаменталды медицина кафедрасының оқытушысы Шыныкул Жансерик болды. "Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені" байқауының жеңімпаздары хирургиялық стоматология бойынша оқу-әдістемелік кешеннің авторлары профессор Шалабаева Клара Зұлқарнайқызы және доцент Стабаева Гульсим Сейдилқызы болды. Құттықтаймыз!