ТҰҢҒЫШ РЕТ KAZAKHSTAN ESPORTS STUDENT LEAGUE ЖАРЫСЫ

02.10.2020

Көрулер: 1479

Киберспортқа әуесқой барлық студенттерді қуантуға асығамыз! Қазақстанда алғаш рет киберспорттық студенттер лигасы құрылды! Студенттік киберспорт бойынша ұлттық жобасы - National Esports Student Association, «Халық» қайырымдылық қоры, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті және Н.Назарбаевтың білім беру қоры Qazaq Cybersport Federation қолдауымен іске қосылды. 

Елімізде киберспортты насихаттау мақсатында жас ұрпақ арасында Kazakhstan Esports Student League құрылды. Бұл Қазақстандағы киберспортты дамытудағы үлкен қадам, енді еліміздің үздік жоғары оқу орындары алғаш рет киберспорттық пәндер бойынша турнирге қатысады.

Киберспорттан студенттер лигасы тұрақты негізде өтеді және төрт маусымнан тұрады, олардың әрқайсысында ойын пәндері өзгереді. Студенттік лиганың бірінші маусымы 2020 жылдың 10 қазанынан 12 қарашасына дейін PUBG Mobile, CS:GO және Starcraft II пәндері бойынша өтеді. Турнирлерге тіркелу 2020 жылдың 2 қазанында ашылады, жүлде қоры 1 млн. теңгені құрайды!

Бірінші маусымда жеті университеттің құрамалары: Al-Farabi KazNU UIB, Astana IT University, KBTU, AUES, IITU және Satbayev University қатысады, олар ішкі жарыстардың нәтижелері бойынша қалыптастырылатын болады. Турнирдің екінші маусымынан бастап барлық өзге жоғары оқу орындары үшін National Esports Student Association кіру мүмкіндігі ашылады.

Kazakhstan Esports Student League еліміздегі киберспорт қоғамдастығының дамуына жүйе құраушы серпін береді және көптеген жас таланттарды ашады. «Халық» қайырымдылық қоры мен Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің еліміздің ірі және беделді жоғары оқу орындарын біріктіретін жобадағы бастамасы студенттік ортада олимпиадалық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған және қазіргі заманғы спорт мәдениетін танымал етуге жағдай жасайды.

Ұлттық Олимпиада комитеті мойындаған және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аккредиттеген Qazaq Cybersport Federation-ның қатысуы студенттік командаларға үлкен киберспорт әлеміне жол ашып, турнирлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Kazakhstan Esports Student League серіктестері қарқынды танымалдыққа ие болып келе жатқан жастар платформасын қолдай отырып, студенттік аудиторияның Олимпиадалық қозғалысқа деген қызығушылығының артуын, сондай-ақ жас ұрпақтың спорттық іс-шараларға белсенді қатысуын күтуде.

www.kaznu.kz