«КУАЗАР» АТТЫ ЖАҢА СТУДЕНТТІК ҰЙЫМНЫҢ АШЫЛУЫ

07.03.2022

Көрулер: 1403

3-наурызда, қара шаңырағымыз ҚазҮҰ-ң кітапханасының үлкен залында медицина және денсаулықты сақтау факультетінің, жоғарғы медицина мектебінің ұйымдастыруымен «куазар» атты жаңа студенттік ұйымның ашылу салтанаты өткізілді. Ұйымның басты мақсаты:

  • ·       Студенттердің оқу және әлеуметтік өмірін жақсарту.
  • ·       Түрлі ұлттарды жарасымды тұтастыққа біріктіру.
  • ·       Мәселелерді шешу үшін платформа ұйымдастыру.
  • ·       GSOM студенттері мен әлемдегі басқа медициналық университеттер арасында жақсы байланыс орнату мүмкіндігін қамтамасыз ету.
  • ·       Маңызды академиялық ресурстар мен білімді тарату үшін платформаны қамтамасыз ету.
  • ·       Спорттық турнирлер, Біріккен Ұлттар Ұйымының үлгісі, Азық-түлік фестивальдері, Медициналық білім турнирлері, шытырман оқиғалы саяхаттар, клиникалық лагерьлер және т.б. сияқты қызықты оқиғаларды насихаттау.

Медицина мектебін және біздің факультетті әртүрлі ұлттық және халықаралық іс-шараларда таныстыру. Ұйымның президенті болып Мухаммед Касим хан сайланды, және де 13 мемлекеттің өкілін таңдап алынды. «КУАЗАР» студенттік үйымын салтанатты түрде ашып, алгы құттықтау сөзді медицина ғылымдарынын докторы, профессор, медицина және денсаулық сактау факультетінің деканы Калматаева Жанна Амантаевна өз жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, кеште – 1.Саджад Ахмад Джатол, 2.Мухаммад Касим хан, 3.Сардар Ахмад Джибрил Лютфи Геба, 4.Саджар Е.Фион. сынды демеушілер жылы тілектері мен қолдауларын білдіріп, өз сый – сияпаттарын табыстады. Өзінің ерекше құттықтауымен медицина ғылымдарының докторы, профессор, Жогары Медицина Мектебінің директоры Исаева Раушан Биномовна   студенттерді жаңа жобаларға ынталандырды.   Кеш соңында «Жасай бер – Қазуым» атты әнұранмен аяқтады.