әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде В. Инюшин атындағы биофизика зертханасы ашылды

21.11.2023

Көрулер: 252

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де биофизика, биомедицина және неврология кафедрасының құрылғанына 50 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Шара барысында кафедраның негізін қалаушы ғалым, профессор Виктор Михайлович Инюшин атындағы биофизика зертханасы салтанатты түрде ашылды.
Шараға университеттің белгілі ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.Шарада сөз алған басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Жәмилә Айтжанова:
«Виктор Михайлович Инюшин – еліміздегі биофизика ғылымының дамуына зор үлес қосқан тұлға. Профессор әлемде бірінші болып лазерді қолдануды теориялық тұрғыдан негіздеп, медициналық тәжірибеге енгізді».