ҚазҰУ-дағы биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының мерейтойы

21.11.2023

Көрулер: 281

2023 жылдың 21 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының 50 жылдық мерейтойы аталып өтті. Бұл айтулы оқиға кафедраның тарихы мен жетістіктеріне арналған бірқатар іс-шаралармен аталып, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы 1973 жылы құрылды және содан бері ол Қазақстандағы биофизика және нейроғылыми зерттеулер саласындағы жетекші ғылыми және білім беру орталықтарының біріне айналды. Жарты ғасырлық уақыт ішінде кафедра ғылымның дамуына, білікті мамандар даярлауға зор үлес қосты.

Университет басшылығы кафедра оқытушыларына, қызметкерлеріне және студенттеріне көп жылғы еңбектері және Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде кафедра ұжымы ұлт денсаулығының игілігі үшін ғылыми-танымдық жұмыстарын жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.