Бішкектегі ҚазҰУ филиалының студенттері кампус-тур аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетіне барып қайтты

20.10.2023

Көрулер: 318

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бішкек қаласындағы (Қырғыз Республикасы) филиалында оқитын студенттер үшін Алматыда, ҚазҰУ қалашығында кампус-тур ұйымдастырылды.

Сапар аясында филиалдағы Биомедицина мамандығында оқитын студенттер мен оқытушылар университет мұражайына, Биологиялық музейге, ғылыми зерттеу лабораторияларына, қысқы баққа барып және әл-Фараби кітапханасымен танысты. Қонақтар үшін салтанатты қабылдау және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Қарсы алу шарасын ұйымдастыруға Биология және биотехнология факультетінің Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының «Биомедицина» мамандығының координаторы б.ғ.к., профессор м.а Аблайханова Н.Т; доцент Умбетьярова Л.Б; аға оқытушы Есенбекова А.Е;  осы мамандықта оқитын кафедраның 1 курс магистранттары мен 3 курс бакалавр студентері белсене ат салысты.

Қырғызстаннан келген Биомедицина мамандығында оқитын студенттер мен филиалдың аға оқытушысы Бейшенбаева Эльза Мукашевна биология және биотехнология факультетінің деканы б.ғ.д., профессор Құрманбаева Меруерт Сәкенқызымен кездесу барысында оқу бағдарламалары мен ғылыми зерттеу жұмыстарымен танысты.

Қонақтарымызды Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының б.ғ.к., профессор м.а Аблайханова Нуржанят Татуханқызы бастаған биомедицина оқу бағдарламасында оқитын магистранттар мен бакалавр тобы факультеттегі биологиялық музейді көрсетіп, тарихы туралы ақпараттармен бөлісті.

Қырғызстан делегациясы биология және биотехнология факультетіне қарасты ғылыми-зерттеу зертханаларында болып,  жүргізіліп жатырған зерттеулердің мақсаттары мен барысын көрді. 

Қонақтарымыз “Қысқы бақты” тамашалап, оқу ордамыздың көркіне тәнті болып, тамсана қарады, және де ерекше сезімдерімен бөлісті.

Университеттің даму тарихы және дәстүрімен көрсетілетін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейін аралап, ғұлама-ғалымдардың еңбектерімен таныс болды.

Концерттік бағдарлама алдында студенттер мен оқытушыларды әл-Фараби кітапханасының құрылымы мен көрнекіліктерін тамашалады.

Кампус-турдың аяқталуына қарай естелік суреттерге түсіп, қонақтарымызға кешкі ас тарту етіліп, әрі қарай шығарып салдық.