2023 ЖЫЛДЫҢ 4 ШІЛДЕСІНДЕ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ САЛТАНАТЫ ТҮРДЕ ДИПЛОМДАРЫ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

04.07.2023

Көрулер: 475

2023 жылдың 4 шілдесінде биология және биотехнология факультетінде бітірушілерге салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті. Биылғы жылы «6В05108 – Биомедицина» мамандығы бойынша 121 бакалавр, «7М05102-Биомедицина» мамандығы бойынша 9 магистрант, ал «7М05113-Нейроғылым» мамандығы бойынша 9 магистрант, «7М01504-Биология» мамандығы бойынша 40 магистрант марапатталды. Жалпы, биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы 179 маман шығарып отыр!Түлектерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік пен мол табыстар тілейміз! Университетімізде оқыған жылдарыңыздан тек жақсы естеліктер қалады деп сенеміз.