КӘСІПТІК БАҒДАРЛАМА ЖҰМЫСЫ

19.04.2023

Көрулер: 581

19 сәуірде Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы мектепте оқитын 9,10,11 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді. Іс-шарада кафедра оқытушылары М.А.Есенова мен А.Н. Ешмуханбет презентацияны көрсетіп, онда мектеп оқушылары кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен, ғылыми қызметімен таныстырылды. Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы – нейроғылымдар, биомедицина, биология, биофизика салалары бойынша мамандарды даярлауда көшбасшылардың бірі болып табылады.

Одан әрі кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қысқаша баяндамалар жасап, олар өздерінің ғылыми қызығушылықтары, зерттеу бағыттары мен жетістіктері туралы толығырақ ақпарат берді.

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, мектеп оқушылары барлық сұрақтарына жауап ала алды.