Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының студенті Республикалық пәндік олимпиадада ІІ орын алды

20.04.2023

Көрулер: 567

Биология және биотехнология факультетінде "6B05102-Биология" мамандығының студенттері арасындағы республикалық пәндік олимпиаданың нәтижелері бойынша биология және биотехнология факультетінің 4 курс студенті Тұреханова Ханзада Ғалымжанқызы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ІІ-дәрежелі дипломымен марапатталды.

Олимпиада жетекшісі: аға оқытушы Есенбекова А. Е.