12 сәуір — Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні

12.04.2023

Көрулер: 540

12 сәуір Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен "ғылым қызметкерлері күні" болып белгіленді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың халықаралық мәртебесін нығайтып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту бәрімізге ортақ міндет, Университет абыройы мен беделі оның ғылыми жетістіктеріне тікелей байланысты екенін сөзге тиек етіп, атаулы мерекемен қызметкерлерді құттықтады. 12 сәуір — Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күніне орай биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы Есенбекова Арайлым Есенбекқызы «Үздік жас ғалымы-2023» дипломымен марапатталды.

 

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессор м.а., б.ғ.к., Аблайханова Н.Т