II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ "Ғылым интеграциясы: биофизика, биомедицина, нейроғылым" 2023 ЖЫЛЫ 25 МАМЫР, АЛМАТЫ

21.04.2023

Көрулер: 668

Құрметті әріптестер, оқушылар, студенттер, магистранттар және докторанттар! Сіздерді 2023 жылдың 25 мамырында өтетін "Ғылым интеграциясы: биофизика, биомедицина, нейроғылым" атты II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырамыз. Конференция пәнаралық тәсілдер арқылы қол жеткізілген интегративті ғылымдардың жетістіктерін насихаттау мақсатында өткізіледі, сонымен қатар, биофизика, биомедицина, нейроғылым және биологиялық білім беру салаларындағы ғалымдардың мастер-классы форматында өтеді. Пленарлық сессияда әлемге әйгілі ғалым, ботулиндік нейротоксин негізіндегі инновациялық қауіпсіз паралитикалық емес ауырсыну блокаторының авторы, Шеффилд университетінің профессоры (Шеффилд, Ұлыбритания) Давлетов Базбек Абубакирович қонақ дәрісімен сөз сөйлейді. Конференция материалдарының жинағын жариялау үшін биофизика, биомедицина, нейроғылым және биологиялық білім беру мәселелері бойынша мақалалар және/немесе тезистер қабылданады.

Ақпараттық хат конф_БФ_БМ_НҒ_25 мамыр.docx