Кафедра докторанттары "Лимфология: іргелі зерттеулерден медициналық технологияға дейін"атты конференцияға қатысты

11.04.2023

Көрулер: 472

     Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясының ғалымдары қатысты. Жұмыс барысында «Морфология, анатомия, эксперименттік лимфология», «Лимфедеманың клиникалық әдістемелік нұсқауының жобасы», «Лимфология – жоғары медициналық оқу орындарында көп салалы пәнді оқыту» салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды.

     Биофизика, биомедицина және нейрағылымдар кафедрасының баяндамаларын б.ғ.к., асс.профессор Абдрешов С.Н. баяндама тақырыбы: « Гепатит кезіндегі лимфодинамика және лимфа жүйесінің функционалдық жағдайы» және сондай-ақ, 3 курс докторанты Ешмуханбет А.Н. "Құрсақ қуысының жаппай инфекциясына лимфа жүйесінің реакциясы және жаңа антибиотикті енгізу" , 3 курс докторанты Есенова М.Ә. "Экспериментте құрсақ қуысының қабынуы кезіндегі мезентериялық лимфа түйіндерінің морфометриялық ерекшеліктері"атты баяндамасын қорғады. Баяндамаларды дайындауға лимфа жүйелерінің физиологиясы зертханасының барлық қызметкерлері қатысты.

Мұндай кездесулер ғалымдарға тәжірибе алмасу және ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізу үшін өте қажет екені сөзсіз. Конференцияның барлық қатысушылары сертификаттар алды.