«Ашық есік күні»

24.02.2023

Көрулер: 491

2023 жылы ақпан айының 24 күні «Биология және биотехнология» факультетінің оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт бағдар беруге арналған офлайн және онлайн форматта өткен «Ашық есік күні» өткізілді. Ашық есік күніне 10 мектептен 55 оқушы мұғалімдерімен келіп офлайн, 5 мектептен 30 оқушы қатысып кәсіби бағыт бағдар алып, университетіміз жайлы көптеген ақпараттармен танысып, факультетіміздегі мамандықтар бойынша білімдерін кеңейтті. Көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.

Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының кәсіби бағыт бағдар жұмыстарына жауапты, аға оқытушысы, PhD Жаманбаева Г.Т.

Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы