Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының магистранттары М. А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында ғылыми тағылымдамадан өтті
Көрулер: 1933
2021 жылдың 22 ақпанынан 5 наурызына дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Биология және биотехнология факультетінің магистранттары ( Әлібаева Ж.Ғ., Жуыстай А.Ғ., Тұрғанова Г.Е., Хебуллаева З.Ю.) М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институтында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғылыми тағылымдаманың мақсаты - осы ғылыми академия базасынан ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті ақпараттар мен материалдарды іздеу. Магистранттар үшін магистрлік диссертациялар аясында дәрістер мен консультациялар ұйымдастырылды. Тағылымдама барысында бауырдың негізгі жасушаларын бөліп алу, бөліп алынған бауыр жасушаларын микроскоптан қарау, бағаналы жасушаларды анықтау,зерттеуге пайдаланатын буферлер мен қоректік орталарды дайындау жұмыстары атқарылды.


Көкбауыр және сүйек кемігі мононуклеарлы жасушалар суспензиясын алу және өміршеңдігін анықтау, перфузия жасау, механикалық және ферменттік диссоциялау жолдарымен бауыр жасушаларын бөліп алу әдістерімен жұмыс жүргізді. Ғылыми тағылымдамадан өткендерін растайтын сертификаттар тапсырылды.
www.kaznu.kz






