ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

26.04.2021

Көрулер: 1642

Құрметті әріптестер!

       Сіздерді б.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Тулеуханов Султан Тулеуханұлының 70 жас мерейтойына арналған «Биология және биотехнологияның өзекті мәселелері» атты  халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

      Тулеуханов Султан Тулеуханұлы - мемлекет алдында сіңірген еңбегі және ғылым мен білім саласындағы жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «ҚазҰУ-ға 75 жыл», "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл", "әл-Фараби атындағы күміс медаль", "А.Байтұрсынов" медальдарымен,төсбелгілерімен марапатталды. "Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен", "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" атағымен, мемлекеттік грантпен және "ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағымен және "Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы" атағымен марапатталған.  Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандар үшін мемлекеттік ғылыми грантпен марапатталған, Қазақстанның Жоғары Мектебінің Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі.

Конференцияға баяндамалар ретінде теориялық, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстар, сондай-ақ ғылыми жаңалықтар ұсынуға болады.

Конференцияда Сіздерді көретінімізге қуаныштымыз!

Конференция инф.каз.docx

Конференция инф. рус.docx

Конференция инф. анг.docx

 

Ұйымдастыру комитеті

www.kaznu.kz