Оқытушылар мен қызметкелерді Ұстаздар күнімен құттықтау!

05.10.2020

Көрулер: 1652

 

2020 жылдың 5 қазанында биофизика және биомедицина кафедрасында оқытушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Дәстүр бойынша оқытушылар күні қазан айының бірінші жексенбісінде тойланады. Әдетте, мереке қарсаңында оқытушыларды студенттер құттықтап, олар үшін жарқын концерттер мен марапаттау кештерін өткізеді. Бірақ бұл жылы барлығы басқаша. Салтанатты кеш болған жоқ, дегенмен оқытушылар өздерінің еңбектері үшін марапаттарға ие болды.

Шарада биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі Кустубаева А.М. және кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Аблайханова Н.Т оқытушыларды жанқиярлықты еңбектері мен педагогиканың үздік дәстүрлеріне адалдығы үшін шын жүректен құттықтап, ризашылық білдірді. Жас оқытушыларға үлгі болып, ұстаздық кәсіпке терең берілудің көрнекі мысалы болған педагогикалық еңбек ардагерлеріне арнайы алғыс сөздер айтылды.Дәстүр бойынша, салтанатты шарада профессорлық-оқытушылық құрамды марапаттау рәсімі өткізіліп, алғыс хаттар табысталды.

Кездесу соңында оқытушылар көрсетілген ілтипат пен ұйымдастырылған іс-шараға шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

www.kaznu.kz