Кафедраның жаңа басшысымен танысу

25.08.2020

Көрулер: 1372

 

2020 жылдың 25 тамызында Microsoft Teams платформасында биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушылар құрамының ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.С.Рамазановпен және биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Заядан Б.К-пен онлайн кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты - биофизика және биомедицина кафедрасының жаңа меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор А.М.Кустубаевамен танысу болды. Кездесу барысында Кустубаева А.М құттықтау сөз сөйлеп, ұжымға алғыс сөздер айтты: «Құрметті ханымдар мен мырзалар, мен сіздермен кездесуге берілген мүмкіндікті жоғары бағалаймын және маған көрсетілген құрмет пен сенім үшін зор ризашылық білдіремін!»

Танысу процесі Кустубаева А.М.-ны жаңа қызметімен құттықтап, табыс пен қалаулы нәтиже тілеумен аяқталды.

www.kaznu.kz