Қош келдің, жас талапкер!
26.09.2018
Көрулер: 3300
26 қыркүйек 2018 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жаңа оқу жылының жарқын оқиғасы бірінші курс студенттерін Студенттік қатарға қабылдау салтанатты шарасы өтті.
Ауқымды студенттік мерекеге биыл 7 мыңнан аса бакалавриатқа түскен бірінші курс студенттері келді. Олардың 6 мыңнан асасы мемлекеттік білім грантын иеленген үздік мектеп түлектері болса, қалған басым бөлігі «Алтын белгі» иегері, әртүрлі байқаулар мен халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпазы.
Бұл – Қазақстанның жоғары білім беру тарихында ешқандай оқу орны қол жеткізбеген нәтиже. Саналы әрі үлкен мақсатқа толы талапкердің сапалы білім алуы үшін еліміздегі жетекші оқу орнын таңдауы аталмыш университетке деген жоғары сенімді білдіреді.






