ҚазҰУ қалашығы аумағында жалпыуниверситеттік сенбілік өтті
06.10.2018
Көрулер: 2534
Әдеттегі дәстүр бойынша биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы студенттермен бірге 2018 жылдың 6 қазанында сенбілікке шықты. Күздің жаймашуақ күнінде кафедра ұжымы мен студенттері ҚазҰУ қалашығы аумағында күзгі тазарту жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік – ұжымдық рухты, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс. Сондай-ақ, сенбілік қызметкерлер (студенттер) арасында жұмыстан (оқудан) тыс әнгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей ешнәрсе адамдарды біріктіре алмайтындығы ертеден белгілі.
© Қайрат Б.Қ.
биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы






